Алматы облысы Текелі қаласының балалар мен жасөспірімдердің туристік және өлкетану орталығының үйірме қатысушылары Б.Т.Саванчиевтің жетекшілігімен 2018 жылдың 24–28 наурыз аралығында Шоқан Уәлихановтың саяхаттау орындарына экспедиция өткізді.
Экспедиция барысында балалар «Алтын Емел» Ұлттық саябағына барды, Шокан бұлағының суының дәмін татып көрді, судың дәмі тұзды болып шықты.Шоқан ауылынд аауыл ақсақалдарымен кездесіп, Ш.Уәлихановтың зиратына және мұражайына барып қайтты.
Сондай-ақ балалар Шоқан Уәлиханов алғашқы болып сипаттаған Іле өзенінің бойында орналасқан буддистік суреттер Тамғалы-Тас ескерткіштерімен танысты.
Балалар Шеңгелді ауылында суару жүйесінің қалдықтарын зерттеді, оны өз уақытында Ш.Уалиханов зерттеген. Экспедиция барысында жиналған материалдар «Шоқан Уәлиханов Жетісуда» тақырыбында ғылыми-зерттеу жұмыстарында қолданылады.