top of page

Жұмыстан қол үзе отырып, балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымд

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі және ҚР БҒМ-нің «Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы» РМҚК арасындағы 2018 жылғы 11 мамырдағы № 204 келісім-шартты орындау барысында балаларға қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарының педагогика кадрларына арналған «Жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыру» біліктілікті арттыру курсы (бұдан әрі – Курс) 2018 жылғы 14-22 мамырда Павлодар қаласында өткізілді.

Курстың мақсаты: жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде балалармен тәрбие жұмысы және сауықтыру бойынша педагог жұмыскерлердің білімдерін жаңарту және кәсіби шеберліктерін жетілдіру үшін жағдай жасау.

Курстың міндеттері:

1) тыңдаушыларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерь жағдайында тәрбиелік жұмыс және балаларды сауықтыруды ұйымдастыру бойынша заңнамалық және нормативтік құқықтық актілердің жаңартуларымен таныстыру;

2) білім алушының тұлғасын әлеуметтендіру және тәрбиелеудің әр алуан түрлеріне кіріктірілген тәсілдерді енгізу;

3) балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьдегі педагогикалық қызметтің жекелеген компоненттерін немесе тұтас оқу үрдісін жобалау;

4) үздік ғылыми жетістіктер және жалпы адами рухани құндылықтар басым болатын білім алушының тұлғасын әлеуметтендірудің үздік тәжірибесімен таныстыру;

5) педагогтерге балаларды сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлердегі жұмысқа арналған әдістемелік және практикалық көмек көрсету;

6) балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру әдісі бойынша білімдерін жетілдіру;

7) әлеуетін дамыту бойынша әр баланың белсенді, өз бетінше және өнімді өмір сүруі үшін жағдай жасау.

Курс балалардың қосымша білімінің қызмет ету және даму процесін заңнамалық, нормативтік-құқықтық, ғылыми-зерттеу, бағдарламалық-әдістемелік, тәжірибелік қамтамасыз ету бойынша лекциялар мен тәжірибелік сабақтардан тұрады және ҚР қосымша білім сапасын жетілдіру бойынша іс-әрекеттердің мақсаттылығын, тұтастылығын және жүйелілігін заманауи талаптарға сәйкес қамтамасыз етуге бағытталған.

Курс блокты-модульды тәсілде негізделген. Курстың жалпы көлемі – 80 академиялық сағат. Курс 4 негізгі модульдерден тұрады.

4 модульдің 80 сағаттық бағдарламасы орындалды, онда 26 лекциялық және 54 тәжірибелік сабақ қаралды.

Нормативтік құқықтық модуль балаларға қосымша білім берудің заңнамалық, нормативтік құқықтық базасының жаңаруы, қосымша білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдардың, жазғы сауықтандыру мен мектеп жаныныдағы лагерьлердегі жазғы демалысты ұйымдастырылуы бойынша сұрақтарды ашады.

Психологиялық-педагогикалық модуль балаларды тәрбиелеуде жас ерекшеліктерін ескере отырып, бала тұлғасын дамытудың психологиялық-педагогикалық аспектілері туралы білімдерін жетілдіруді болжайды, педагогикалық ұжымдағы тұлғааралық қарым-қатынас және кикілжіңдердің алдын алу мәселелерін қарастырады.

Теориялық-технологиялық модуль балалар мен жасөспірімдердің жазғы демалысын ұйымдастыру әдістемесі бойынша білімдерді жетілдіруді, ауысымды ұйымдастыру қисынын, тәлімгерлік шеберлік негіздерін қарастырады. Топ және жұмыстың шағын формаларын құрудың негізгі тәсілдерін, бала тұлғасын дамытуға бағытталған тәрбие жне білім беру қызметінің сапасын көтеруге итермелейтін педагогикалық технологияларды, инновациялық білім беру технологияларын енгізуді ашып көрсетеді.

Курстың практикаға бағдарланған модулі бала қызметінің маңызды түрі ретінде негізгі ойын түрлерімен таныстыруды болжайды. Ойын материалдарын практикада игеру, педагогтердің қажетті ойындарды меңгеруі немесе ойын қорларын толтыруы, бұқаралық акциялар мен іс-шараларды ұйымдастыру және өткізудің алғашқы дағдыларын меңгеру, балаларға қосымша білім беру бағыттары бойынша практикалық сабақтарды, ойын батлдарын, шеберлік сыныптарын өткізу.

Курс тыңдаушыларының мақсатты тобы: Жазғы сауықтыру және мектеп жанындағы лагерьлерде балалардың жазғы демалысын ұйымдастыратын жалпы орта және қосымша білім беру ұйымдарының басшылары, педагогикалық қызметкерлері.

Тыңдаушылардың саны – 66 адам. Теориялық және практикалық сабақтар мемлекеттік және орыс тілдерінде жүргізілді.

Лекторлар құрамы курс тақырыбына сәйкес қалыптастырылды, педагогика, психология саласындағы мамандар, Б.Ахметов атындағы Павлодар педагогикалық колледжінің оқытушылары, М.М.Катаев атындағы Оқушылар сарайының педагогтары, сауықтыру лагерьлерінде тәжірибесі бар қоғамдық ұйым өкілдері шақырылды.

Тыңдаушылар біліктілік арттыру курсының білім беру процесіндегі өзекті технологиялармен танысуға, кейбір инновациялық білім беру технологияларын тәжірибелік түрде меңгеруге мүмкіндік беретінін және курсты өткізудің ұйымдастырылуына өзінің ризашылықтарын жеткізді.

Курс соңында жобаларды сәтті қорғағаннан кейін тыңдаушыларға біліктілікті арттырғаны туралы сертификаттар тапсырылды.


bottom of page