«Ақжелең» облыстық жас күйшілер байқауы
- Rumsdo rumsdo
- 3 июл. 2019 г.
- 1 мин. чтения
Ақтөбе облысы Білім басқармасының қолдауымен Жастар жылы аясында Ұлттық домбыра күні мерекесіне орай Ақтөбе қаласы Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі "Ақжелең" облыстық жас күйшілер байқауын өткізіп, жеңімпаздар жүлделі орындармен марапатталды. Сондай-ақ, Шалқар, Қобда, Ойыл, Ырғыз, Мартук аудандары, қаладағы музыка мектептерінің жас күйшілерімен бірлесіп, домбыра шеруі өтті.Шеруде "Адай", "Ерке сылқым", "Балбырауын" күйлері орындалып, жиналған өнер сүйер қауымға жақсы көңіл күй сыйлады. Шеруге қатысқан 50 балаға облыстық білім басшысы Л.Уразбаеваның атынан алғыс хаттармен марапаттады.
Қазанғап атындағы балалар өнер мектебі ұжымы
https://www.facebook.com/100015624397027/videos/555767381620737/?t=30