top of page

2025 жылғы 13 қаңтарда балаларға қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Балалар театры ұжымында этюд әдісін қолдану» тақырыбында Республикалық вебинар өтті

Бүгін, 2025 жылғы 13 қаңтарда балаларға қосымша білім беру педагогтеріне арналған «Балалар театры ұжымында этюд әдісін қолдану» тақырыбында Республикалық вебинар өтті. Вебинар мектеп жасындағы балаларды театр өнеріне оқытуда жұмыс тәжірибесімен және әдістемелік тәсілдермен алмасу мақсатында ұйымдастырылды.

Вебинардың модераторы Қызылорда облысы, Бесарық ауылындағы Өнер мектебінің қосымша білім беру педагогі АЙСЫНОВА ГУЛЗИРА КУАНОВНА болды.

Вебинар барысында спикерлердің келесі тақырыптары ұсынылды:

«Актер шеберлігін шыңдау, этюд түрлері» тақырыбында МҰСТАФАЕВ ЕРСҰЛТАН АЙДАРХАНҰЛЫ баяндама жасады, Қызылорда облысы, Жаңақорған ауданы, Бесарық өнер мектебінің қосымша білім беру педагогі.

«Актерлік шеберлікті дамыту үшін этюдті жаттығулар» тақырыбында ШАЙКИСТАНОВА ТАНАКҮЛ БАЛТАБАЕВНА баяндама жасады, Жамбыл облысы, Сарысу ауданы, Игілік ауылдық балалар өнер мектебінің қосымша білім беру педагогі.

«Ойын арқылы этюд жасау» - ТЛЕКОВА БИБИГУЛЬ САГИНГАЛИЕВНА Маңғыстау облысы, Қарақия ауданы, Жетібай шығармашылық орталығы, «Театр ғажайыптары» үйірмесінің педагогі.

«Этюд көрсету барысында эмоциялармен жұмыс жасау» КАЙРБЕКОВА ГУЛЬНАРА АБДИХАЛИКОВНА - Астана қаласы, №2 Өнер мектебі, қосымша білім беру педагогі.

Республикалық вебинар қосымша білім беру педагогтері үшін тәжірибе алмасу бойынша маңызды қадам болды, сондай-ақ балаларды театр өнеріне оқытуда жаңа тәсілдерді дамытуға ықпал етті.

Comments


bottom of page