«ISTAMBUL- TUROUOISE»халықаралық музыка және би онлайн-байқауы
- Rumsdo rumsdo
- 11 февр. 2021 г.
- 1 мин. чтения
2020 жылдың желтоқсан айында «ISTAMBUL-TUROUOISE» Халықаралық музыкажәне би онлайн-байқауы өтті. Байқауға Балалар-жасөспірімдер шығармашылығы орталығының Поплавская Гулишат Алиасхабовна жетекшілік ететін би ұжымдары қатысты. Онлайн байқауға алыс және жақын шет елдерден 100-ден астам би ұжымдары қатысқан. Пандемияға байланысты шектеулі шаралар мен қатаң жағдайларға қарамастан, жас бишілер өздерінің шығармашылық қабілеттерін барынша көрсетті. Байқау қорытындысы бойынша «Бибірайлым» би ұжымы ересектер категориясы бойынша 1-орынға ие болды! Сондай-ақ, орта топ бишілері де 2-дәрежелі Дипломмен марапатталды.

Comments