26-27 тамызда Қазақстан Республикасының Конституция күніне орай әл-Фараби атындағы Оқушылар сарайының Ұшқыр ой алаңы қозғалысы мен Дебат елі қоғамдық қорының ұйымдастыруымен SUMMER DE турнирі өтті.
Турнирге елордалық пікірсайысшылардан бөлек, өзге аймақтың пікірсайысшылары да қатысты.
1995 жылы 30 тамызда республикада бүкілхалықтық референдум өтті, нәтижесінде Қазақстанның жаңа Конституциясы қабылданды. Конституция мемлекеттік құрылыстың құқықтық негізін қалыптастырушы құжат болып табылады.
🏆Турнир нәтижесі бойынша:
1- орын: Аймақ не қаймақ,жеңіп кетеді(Сейдуалиев Еркебұлан, Марат Әлихан) фракциясы-29 командалық ұпай, 1517 спикерлік ұпай;
2- орын: Талпыныс, сенім бар,енді жеңіс болса(Қуанышбек Қымбат, Ғарифоллаев Мерей) фракциясы- 27 командалық ұпай, 1503 спикерлік ұпай;
3- орын: Миньоны(Өмірзақ Диляра, Бақытжан Аружан)- 24 командалық ұпай, 1485 спикерлік ұпай.
🏆Үздік спикер: Сейдуалиев Еркебұлан(76,67)
Барлық қатысушыларды шын жүректен құттықтаймыз!
Comments