2023 жылғы 21 қыркүйекте «Төрт тоқсан -төрт өнер» ұлттық мәдени-ағарту жобасы аясында, қазақстандық патриотизмді, ұлттық бірегейлікті, әлеуметтік құзыреттілікті қалыптастыру, білім алушыларды өз халқының мәдени дәстүрлеріне, көпұлтты мемлекет жағдайында жалпыадамзаттық құндылықтарға баулу мақсатында Жітіқара Балалар шығармашылық үйінде «Қара сөздің жауһарлары» ақынымен кездесу-сұхбат ұйымдастырылды. Іс-шараның қонағы, Жітіқара ауданының ақыны Әділбекқызы Балғын ханым және «Дарын» домбырашылар студиясының тәрбиеленушілері, жетекшісі Маликаджарова Дина Калиевна болды. Кездесу жылы жағдайда өтті. Балғын ханым бізді қызықтырған сұрақтарға жауап берді, «Көбелектің қанаты сыңған» атты өз шығармасының өлеңін оқып, бастаушы ақындарға тілек сөздерін айтты. Өз кезегінде «Дарын» студиясының тәрбиеленушілері домбырада өз шеберліктерін көрсетіп, «Ерке сылқым» күйін орындады. Алда қазан айында өтетін «Ақындар айтысы» республикалық іс-шарасына үлкен жұмыс пен дайындық күтіп тұр.
top of page
bottom of page
Comments