top of page

ЕҢ КЕРЕМЕТ, ТАМАША, ЖАРҚЫН ZAZAN!

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! ТӘЖІРИБЕ! АСТАНА Қ.

ТАНЫС БОЛЫҢЫЗДАР! АЙЛАЗОВ САЛИМ СУЛЬХАДИНҰЛЫ, ZAZAN лезгинка мектебінің негізін қалаушы және бас тәлімгері, педагогика және хореография саласында мол тәжірибесі бар маман.

Челябі мемлекеттік гуманитарлық-педагогикалық университетінің, Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтының және MAQSUT NARIKBAYEV UNIVERSITY түлегі САЛИМ СУЛЬХАДИНҰЛЫ балалар мен жастарды "лезгинка" биіне үйретуді ерекше қызығушылыққа айналдырған.

ZAZAN лезгинка мектебі 2018 жылдың 2 қарашасында құрылып, Салим СУЛЬХАДИНҰЛЫНЫҢ айрықша көзқарасының арқасында тез танымал болды. Бұл мектепте балаларды адалдық, үлкен мен кішіні құрметтеу, достық пен ауызбіршілік сияқты маңызды құндылықтарға тәрбиелейді. ZAZAN -бауырластық рухы бар отбасылық дәстүрлердің мысалы.

САЛИМ СУЛЬХАДИНҰЛЫ өз оқушыларына білім беріп қана қоймай, әрқайсысын белгілі бір жетістіктерге шабыттандыру үшін жанын салады. САЛИМ СУЛЬХАДИНҰЛЫ оқушыларының оқудағы қиындықтарын, тіпті жеке мәселелерін де тыңдауға және қолдауға әрқашан дайын. Оның шынайылығы мен адалдығы сабақта, балалармен қарым-қатынас кезінде таңғажайып атмосфераны қалыптастырады. Бұл оның білім беру саласында нағыз көшбасшы екенінің дәлелі. Оның күш-жігерінің арқасында көптеген шәкірттері тек білім алып қана қоймай, табысқа жету жолындағы кез келген кедергілерді жеңуге дайын, әрі өздеріне және өз күштеріне деген сенімдері мол.

Қазір мектепте бірлік пен үйлесімділіктің көрінісі - сан түрлі мәдениет мен ұлт өкілдері, 250-ге жуық ұл мен қыз

тәрбиеленеді.

Оқудың барлық деңгейлерінен өтіп, мектептің үлгі тұтар айнасына айналған, қанжығасында халықаралық байқаулардан еншілеген 44 кубогы бар ансамбльге ерекше назар қойылады. Репертуарға 15 би кіреді және әр топтың өзіндік жұмыс жүйесі мен жүктемесі бар.

ZAZAN мектебі түрлі мәдени іс-шараларды, соның ішінде конкурстар, фестивальдар мен қайырымдылық акцияларын ұйымдастырады.



Comentarios


bottom of page