«Коммуникативтік дағдылар» тақырыбындағы семинарлар сериясы
- Rumsdo rumsdo
- 16 мая 2022 г.
- 1 мин. чтения

Қазақстандағы балалар жылы аясында 14 мамыр күні Ақпараттық технологиялар орталығының ғылыми қызметкері «Коммуникативтік дағдылар» тақырыбындағы семинарлар сериясынан Алматы қаласының №113 мектеп-гимназиясының оқушыларымен «Сөзсіз қалай қарым-қатынас жасауға болады» атты алғашқы кездесу ұйымдастырды.
Мектеп оқушыларының қарым-қатынас дағдыларын қалыптастыру бүгінгі таңда өзекті тақырып болып табылады, өйткені бұл дағдылардың қалыптасу дәрежесі балаларды оқытудың тиімділігіне ғана емес, сонымен бірге олардың әлеуметтенуі мен тұтастай тұлғаның дамуына да әсер етеді.
Шеберлік-сабағына 7-сынып оқушылары қатысты, олар түрлі ойын және практикалық техникаларды орындап, эмоциялары және сезімдерімен бөлісті.
Сондай-ақ, қатысушылардың назарына қысқаметражды ролик ұсынылды, оны көргеннен кейін, оқушылар топтық жұмыс орындады. Топтық жұмыс барысында әр оқушы тақырып туралы өз ойлары мен идеяларын ортаға салды.
Comments