top of page

Маңғыстаулық оқушылар сегіз күндік жаяу саяхаттан оралды


ҚР Тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың «Рухани жаңғыру: Болашаққа бағдар» бағдарламасының «Тарихқа тағзым» онкүндігіне орай Маңғыстаудағы Түпқараған ауданының оқушылары жаяу саяхатқа шықты.

Шараға М.Горький атындағы мектеп-лицейінің «Жас турист» үйірмесі қатысты.

«Жаяу жорық - спорттық туризмнің бір түрі. Негізгі мақсат - маршрут бойынша белгілі бір аймақтан өту. Оқушыларым І категория бойынша ұзақтығы 8 тәулікте 145 шақырымды жүріп өтті. Жаяу жорық арнайы көлікті қажет етпейді, кез келген аумақ бойынша жорықтар ұйымдастыруға болады»,-дейді «Жас турист» үйірмесінің жетекшісі Біржан Жұмашев.

Жаяу жорыққа қатысқан оқушыларға спорттық туризм федерациясынан 3 разряд дәрежесі беріліп, республикаға жолдама алды.

Айта кетейік, Түпқарағандағы М.Горький мектеп-лицейі жаяу жорықты ұдайы ұйымдастырып келе жатқан тәжірибелі білім ошағы ретінде танымал.

Бұл бағытта республикалық байқауларда жүлделі орындар иеленген.



Commentaires


Байланысымыз:

 

Қазақстан, Астана қаласы,  Кенесары көшесі, 40.

БО " 7 континент" 15 қабат.

Қабылдау бөлімі (факс) - 8 (7172) 64-75-94.  

Ақпараттық-аналитикалық бөлімі - 8 (7172) 64-75-88.

Туризм, экология және техника бөлімі - 8 (7172) 64-75-89.

Балалар мен жасөспірімдер қозғалысын үйлестіру бөлімі - 8 (7172) 64-75-91.

Музыкалық, көркем-эстетикалық шығармашылық бөлімі - 8 (7172) 64-75-92.

Әлеуметтік-педагогикалық қызмет бөлімі - 8 (7172) 64-75-93.

Бухгалтерия - 8 (7172) 64-75-90.

 

E-mail: rumcdo12@mail.ru

 

© РҚББОӘО ОАМ 2023 ж.

bottom of page