2021 жылдың мамыр айының 18 күні «Ақтөбе - Дарын» өңірлік ғылыми-тәжірибелік қосымша білім беру орталығы және Қалалық жас туристер стансасы қашықтан «Менің Отаным - Қазақстан» туристік - экспедициялық жасақтарының облыстық слётін ұйымдастырып өткізді.
Слёттің негізгі мақсат – міндеттері: Ақтөбе облысының балалар мен жасөспірімдер туризмін дамыту, туристік - өлкетану қызметін жүзеге асыру арқылы салауатты өмір салтын насихаттап, балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасын, кіші Отанын зерттеуге тарту, білім алушылардың іздеу - зерттеу қызметінің дағдыларын жетілдіру, практикалық қызметке қызығушылық танытатын білім алушыларды анықтау және қолдау, ең үздік туристік - өлкетану командаларын анықтау.
Слетке қала мектептері мен аудандарынан құрылған жасақтар қатысып бақ сынасты. Олар Қобда ауданы, №65 ЖББОМ, ҚЖТС, №21 МГ, БЖШО, №60 ЖББОМ. Қатысушыларға тарихи-өлкетану, экологиялық-биологиялық және ғылыми-техникалық бағыттағы өз өлкесінде орындаған жұмыстарын таныстыру, туристік іскерлікті дамыту дағдыларын, тарих пен география бойынша білімдерін көрсету мүмкіндігі берілді.
Слет бағдарламасы келесі номинациялар бойынша өтті:
Бард әндерінің байқауы.
I. Өлкетану блогы: Бағыт бойынша іздеу-зерттеу жұмыстары жобаларының презентациясы: «Жас өлкетанушы», «Туған өлкенің соқпақтары», «Ең керемет туристік өлке».
II. Экологиялық блок: «Туған өлке тарихы» (3D элементтерін пайдалана отырып, өңірдің виртуалды туристік маршрутының видеосы), «Экологиялық соқпақ».
III. Туристік блок: «Туризм білімпаздары» номинациясы», «Жорықта зардап шеккенге дәрігерге дейінгі көмек көрсету».
Слет қорытындысы бойынша жеңімпаздар I, II, III дәрежелі дипломдармен марапатталады. Номинациялар бойынша ең көп ұпай жинаған жеңімпаз жасақ "Менің Отаным-Қазақстан" туристік экспедициялық жасақтардың республикалық слетіне қатысады.



Comments