2024 жылдың 13 қыркүйек күні «Біртұтас тәрбие» бағдарламасына сәйкес «Облыстық жас туристер станциясы» КММ ұйымдастыруымен “Менің Отаным - Қазақстан” туристік -экспедициялық жасақтардың слетінің жарыс кезеңдері басталды.
Мақсаты:
- Балаларды туған өлкенің тарихи, мәдени және рухани мұрасына, кіші Отанын зерттеуге тарту;
- Білім алушылардың денсаулығын, дене шынықтыру, адамгершілік және рухани тәрбиесін нығайту, оларды салауатты өмір салтына баулу;
- Туристік және спорттық шеберлікті арттыру, мықты қатысушыларды анықтау;
- Түркістан облысының үздік балалар экспедициялық жасақтарын анықтау;
- Қазақстан Республикасының тарихи-мәдени мұрасын, табиғи және туристік әлеуетін зерделеу және дәріптеу;
- Балаларды туристік іс-шараларға тарту арқылы оларды қосымша біліммен қамтуды ұлғайтуға жәрдемдесу.
“Менің Отаным - Қазақстан” туристік - экспедициялық жасақтардың облыстық слетінің жарыс кезеңдері басталды.
“Туристік кедергілер жолағы” кезеңі бойынша жарысқа түсті.
Жарыс барысында қатысушылар туристік ептіліктерімен жылдамдықтарын көрсетті!
Жарыс қатысушыларына сәттілік тілейміз!


Comments