"Соғыссыз әлем"атты сурет көрмесі ұйымдастырылды
- Rumsdo rumsdo
- 20 апр. 2022 г.
- 1 мин. чтения
Соғыс... Қандай қатыгез сөз.Бар болғаны бес әріптен құралған.Ал мағынасы жан түршіктірер. Шыны керек,осы бар болғаны бес әріп миллиондаған адамның жанын қиып,көптеген адамдарды денсаулығынан айырды. Әлемде мүлдем соғыс болмасын деген арман тілектерін, оқушылар қағаз бетіне бейнеледі.
2022жыл "Балалар жылы" болып жарияланғандықтан, оқушылар үйінің Жиенбаев Р. жетекшілік еткен "Бейнелеу" үйірмесінің тәрбиеленушілерінің салған суреттерімен "Соғыссыз әлем"атты сурет көрмесі ұйымдастырылды.Көрмеге қойылған суреттер тақырыпқа сай оқушылардың бұл қатігез соғысқа қарсы екендіктерінің дәлелі.

Comments