top of page

«Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында тәрбие сағаты өтті

Жас жеткіншектерді еліміздің тәуелсіздікке қалай қол жеткізгенін және тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде жеткен табыстарымен таныстырып,білімдерін нығайту мақсатында «Ұзынағаш ауылындағы өнер мектебі" МКҚК дәстүрлі ән сыныбының мұғалімі Абильдин Бекзат Баянбекұлы «Тәуелсіздік-тұғырым» тақырыбында тәрбие сағатын өткізді. Бейнекөрсетілім арқылы қазақ халқының бастан кешкен қилы заман оқиғалары туралы түсінік берілді. Тәуелсіздік алғалы 30 жыл ішінде болған өзгерістер мен жетістіктерді слайдпен көрсете отырып: «Тәуелсіздік бұл — аманат. Ата-бабаларымыздың сан ғасырлардан бері аңсаған арманына қиянат жасауға ешқандай құқығымыз жоқ. Оны ұрпақтан-ұрпаққа аялы қолда мәпелеп, мәртебесін асқақтату — біздің міндетіміз»,-дей отырып, оқушыларға өз ойларын ортаға салуды талап етті. Балалар ән айтып, өлең оқып:« Қазақпын, қойнауы-құт, жері-дархан,

Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам... деген өлең жолдарымен аяқтады.

Мұғалім, «BALBULAQ»балалар мен жасөспірімдер шығармашылық орталығының ІІІ халықаралық өнер байқауында «Дәстүрлі ән» номинациясы бойынша жүлде алған оқушылардың «Дипломдарын» табыстады.



Comments


bottom of page