Бүгін, 2025 жылдың 28 қаңтарында, Астана қаласының барлық білім беру ұйымдарында мектепішілік және студенттер парламентінің ұйымдастыруымен «Қар десанты» еріктілер эстафетасы өткізілді. Бұл шараның мақсаты – қыс мезгілінде қоғамдық ортада белсенділік танытып, ортақ игілік үшін жұмыс жасауға жастарды жұмылдыру.
Мектеп оқушылары, өзінің белсенділігімен ерекшеленіп, эстафетаны қабылдай отырып, оны ары қарай жалғастыру үшін МЕКТЕПТІҢ ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІНЕ жолдады.
Еріктілер эстафетасын «Біз біргеміз!» флешмобымен бастап, оқушылар мен ұстаздар бірлесе отырып, мектеп ауласындағы қарды тазалау жұмыстарын бастады.
Қармен күресу, аула тазалығын сақтау тек физикалық жұмыс қана емес, бірліктің, ұйымшылдықтың маңызды көрсеткіші екені анық. Бүгінгі шараға тек оқушылар ғана емес, барлық ұстаздар мен мектеп қызметкерлері де белсене қатысып, ортақ мақсатқа жұмыла жұмыс істеді.
Қар тазалау – тек қана мектеп ауласының тазалығын сақтау емес, сонымен қатар қоғамда жауапкершілік, көмек қолын созу және бір-біріне қолдау көрсету мәдениетін дамытуға бағытталған үлкен қадам.
Бұл эстафетаның мақсаты – Астананың барлық мектептері мен білім ұйымдарын біріктіріп, жастарды әлеуметтік белсенділікке шақыру. Әрі қарай, бұл эстафета ӘКЕЛЕР КЕҢЕСІНЕ жолданып, астаналық мектептердің барлығында жалғасын табады.
Comments