❗2024 жылғы 19 ақпан. ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы курстан кейінгі қолдау жұмыстары аясында «Радиомен басқарылатын үлгілердің құрылымдары, техникалық қызметі және талаптары» тақырыбында вебинар өткізді.
✔️Вебинарға «Ерекше білім беруді қажет ететін балаларды қосымша білім беру жағдайында оқыту ерекшеліктері» біліктілікті арттыру курстарының 14 тыңдаушысы қатысты.
❗Модератор: Қабденова Зерделі Артуқызы, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы «Балалар көркемсурет мектебі» қосымша білім беру педагогі, сурет, кескіндеме, композиция пәнінің мұғалімі, педагог.
❗ Спикерлер:
1. Смат Ғалымжан Жағыппарұлы, Қызылорда облысы, Қызылорда облысы, Шиелі ауданы, Оқушылар үйінің әдіскері, «Жас техник» үйірмесінің жетекшісі, педагог-сарапшы.
2. Жұматай Айбын Жұматайұлы, Абай облысы, Абай ауданы, Қарауыл ауылы «Балалар көркемсурет мектебі» қосымша білім беру педагогі, сурет, кескіндеме, композиция пәнінің мұғалімі, педагог-модератор.
✔️Педагогтер курс барысында алған білімдерін өз қызметінде қолдану бойынша тәжірибе алмасып, керемет ой-талқы алаңы құрылып, қатысушылар әрі қарай жұмыс барысына қажетті ақпаратты алды.
Comments