top of page

ҚОҒАМДА СЫБАЙЛАС ЖЕМҚОРЛЫҚҚА ҚАРСЫ МӘДЕНИЕТТІ ҚАЛЫПТАСТЫРУ

Бүгін, ағымдағы жылдың 10 мамыр күні ҚР ОАМ РҚББОӘО-да сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнаманың нормаларын түсіндіру бойынша кезекті жиналыс өткізілді. Жиналыста сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл мәселелері, оның ішінде сыйлық беруге тыйым салу, сыбайлас жемқорлыққа қатысты шектеулер, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл жүргізуші қызметкер, оның міндеттері, сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнаманы бұзғаны үшін жауапкершілік және т. б. мәселелер талқыланды.

РҚББОӘО-да ұжымда салауатты моральдық-психологиялық ахуалды сақтауға, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті арттыруға ықпал ететін заңдылықты сақтауға және қызметтік тәртіпті нығайтуға бағытталған жүйелі алдын алу және тәрбиелік профилактикалық жұмыс тұрақты негізде жүргізілетінін атап өткен жөн.

Орталықта алқалы шешімдер қабылдау үшін түрлі комиссиялар құрылды: сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, ішкі актілердің сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптамасы, "Орталықтың үздік қызметкері" байқауын өткізу, қызметкерлердің еңбек өтілін белгілеу, қызметкерлерді бос лауазымға қабылдау, қызметкерлерді көтермелеу, тәртіптік комиссия, қызметкерлерді аттестаттау және т. б. мәселелер бойынша.

Апта сайын Орталық директоры жанындағы кеңесте қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізіледі.

Жыл бойы қосымша білім беру басшылары мен педагогтары үшін біліктілікті арттыру курстарында "Білім беру ұйымдарындағы сыбайлас жемқорлыққа қарсы шаралар" тақырыбында сабақтар өткізіледі.


Comments


bottom of page