«ҮЗДІК МЕКТЕП ПАРЛАМЕНТІ» БАЙҚАУЫ ӨТКІЗІЛДІ
Түркістан облысы білім басқармасының 22.01.2025-ғы №23 бұйрығына сәйкес, 2025 жылдың 04 ақпан күні әдіскер Н.Алимкуловтың ұйымдастыруымен, Бадам ауылы, Қажымұқан жалпы білім беретін мектеп базасында, «Үздік мектеп парламенті» атты аудандық байқауы өткізілді. Байқауға Ордабасы ауданы бойынша, мектеп парламентінің мүшелерінен 5 оқушыдан қатысты.

Байқаудың мақсаты: мектеп парламенттерінің қызметін жандандыру, оқушылардың өзін-өзі басқару органдарының тиімді жұмыс тәжірибесін анықтау, балалар мен жасөспірімдер қозғалысының қызметін ұйымдастырудың формалары мен әдістерін жетілдіру.

Байқау 4 номинация бойынша өткізілді:
1. Мектеп парламентінің «Біз біргеміз!» шығармашылық презентациясы.
2. Мектеп парламентінің «Жылдың үздік жобасы» презентациясын қорғау.
3. «Шексіз идеялар» бойынша ситуациялық тапсырмалар.
4. «Шығармашылықпен басқару» үй тапсырмасы.

Аудандық байқаудың кезеңінде кәсіби қазылар алқасы 5 балдық жүйе бойынша бағалау өлшемдеріне сәйкес бағалап, үздік танылған С.Мұханов атындағы жалпы білім беретін мектепті, облыстық кезеңге қатысуға жіберілді, Қазылар алқасының шешімі түпкілікті және хаттамамен рәсімделді.

Comments