2024 жылғы 30 қазанда ҚР ОАМ Республикалық қосымша білім беру оқу-әдістемелік орталығы онлайн форматта «Ұлы өнертапқыштыққа алғашқы қадам» инновациялық идеялардың республикалық байқауының 1 ші күнін өткізді.
Байқаудың негізгі мақсаты білім алушыларға ғылым мен техниканың әр түрлі облысындағы, өнертапқыштық, зерттеу жұмыстарына тарту, талантты балаларға қолдау көрсету, тұлғаның шығармашылық құзыреттілігінде бәсекелестік артықшылықтарын қалыптастыру, балаларды қосымша біліммен қамту.
Байқауға облыстық, Астана, Алматы және Шымкент қалалық кезеңдердің жеңімпаздары – республиканың жалпы орта, қосымша білім беру ұйымдарының білім алушылары қатысты.
Байқаудың 1-ші күні қатысушылар келесі номинациялар бойынша өз модельдері мен жобаларын қорғады:
1) Автокөліктің қолданыстағы модельдерін әзірлеу саласындағы техникалық құрастыру;
2) Өндіріс саласындағы техникалық құрастыру;
3) Ауыл шаруашылық техникалар мен жабдықтар саласындағы техникалық құрастыру;
4) Су көлік саласындағы техникалық құрастыру.
Comments