top of page

«ӘНШУАҚ» ҚАЗАҚ ТІЛІНДЕГІ БАЛАЛАР ӘНДЕРІНІҢ ФЕСТИВАЛІ ҚАРҚЫН АЛУДА!

❗️️Осы аптада республикадағы мектеп парламенттерінің 1000 көшбасшысы ҚР ОАМ РҚББО алаңында «ӘНШУАҚ» балалар әндері фестивалін өткізу туралы қосымша ақпарат алды. Алматы, Ақмола, Шығыс Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Қостанай, Түркістан, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Жетісу облыстарының көптеген балалары осы іс-шара аясында челлендждің белсенді қатысушыларына айналып, өз сыныптастары арасында балалар әндерін дәріптеу бойынша тәжірибелерімен, идеяларымен бөлісті.

✔Мектеп парламенттерінің жас көшбасшыларының мұндай кездесуі ешкімді бей-жай қалдырмады. Керісінше, оқушылар өздерінің таланттарын көрсетуге және «ӘНШУАҚ» фестивалінде қазақ тілінде балалар әндерінің бірегей орындалуын паш етуге одан әрі шабыттана түсті.


Комментарии


bottom of page